Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің тарихы
1979 жылы Қапал орта мектебіне көрнекті ақын Ғали Ормановтың есімі берілді. Ғали Орманов(1907-1978) кеңестік қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын.Тұңғыш өлендер жинағы 1934 жылы «Шеңбер» деген атпен жарық көрді.Кейін «Алынған қамал» (1935), «Абысын сыры» (1936), «Халық -қаһарманы» (1941), «Емен» (1945), «Сәт сапар» (1957), «Ой қанаты» (1961), «От өзен» (1965), «Жер қызығы» (1972), «Жан қанаты» (1973) тағы басқа кітаптары шықты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.1981 жылы Ғали Орманов атындағы орта мектебі 1176 балаға арналып салынған жаңа оқу ғимаратына көшірілді. Бұрынғы мектеп үйінде 8 жылдық орталау мектеп қалды. Сөйтіп 1981 жылы Қапал ауылында екі мектеп ашылды. Ғали Орманов атындағы орта мектебінің кейінгі тарихы осы 1981 жылдан басталады. Мектептің алғашқы директорлары Саурықбаев Ғазиз Қыдырқожаұлы[1981 жылы маусым-қыркүйек], Кәрім Акбарұлы Рақымжанов [1981 қыркүйектен]еді. 1989-1990 оқу жылы мектеп 11 жылдық орта мектеп мәртебесіне ие болды. Өткен 30 жылдық тарихында мектеп білім берумен тәрбиені қалыптастыруда тамаша жетістіктерге жетті. 1980 жылдардың соңында Ғали Орманов атындағы орта мектебінде Қапал өңірінде алғаш рет компьютерлік кабинет ашылып, сабақ жүргізе бастағаны, мектеп тарихындағы соны өзгерістің бастамасы болды. 1990-1991 оқу жылында деңгейлік оқытудың эксперименттік жұмысы жүргізілді және Эльконун-Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы сынақтан өткізілді. Мектептің өзінің жарғысы қабылданып , шаруашылық, қаржылық істерді дербес жүргізетін құқыққа ие болды. Бұл сынақ-тәжірибенің тиімділігі сол мектептін материалдық базасы нығайды. Оқытудың әдістемелігі жетілдірілді, ғылыми негізі құрылды. Соның арқасында мектептің көптеген оқушылары облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасайтын мұғалімдердің қатары өсті. Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауларына қатысушылардың саны көбейді. Сол жылдардағы мектептің осы жетістіктері үшін мектеп директоры Ә.Ж. Мәлтекбасов 1992 жылы Ыбырай Алтынсарин медальмен марапатталды.
2001-2002 оқу жылында Қапал орта мектебінің түлегі[1979 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебі] , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүрілді.
Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі. Ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері
2003 жылы қыркүйектен 2010 жылдың қыркүйегіне дейін мектеп директоры Асхат Сейденұлы Досмұхамбетов болды. А.С.Досмухамбетов мектеп басшылығына келген күннен бастап, ең әуелі мектептің материалдық базасын бұрынғыдан да жақсартуға ерекше мән берді. Соның нәтижесінде аудан әкімшілігінің қолдауымен мектептің шатыры жаңадан жабылып, жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде пән кәбинеттерінің орны ерекше. Мектебімізде бүгінгі күннің дидактикалық талабына сай жабдықталған АӘД, биология, математика, тарих-құқық, қазақ тілі және әдебиет, бастауыш сынып, технология кабинеттері бар. 2007 жылы мектебімізде мультимедиялық кабинеті ашылып, жұмыс жүргізуде. Мектеп кітапханасында 20 мың кітап қоры бар.
Мектебімізде 2007 жылдан бастап мектепке дейінгі 25 балаға арналған шағын орталық ашылып, бүгінгі күнге дейін нәтижелі тәрбие беруде..
Қазір мектеп ұжымында 47 мұғалім сабақ береді. Олардың 40 жоғары білімді, 6 жоғары санатты, 12 бірінші санаттағы мұғалімдер. Мұғалімдеріміздің арасында еңбегімен ел құрметіне бөленген аға ұстаздар Ахунов Рифхат Хабибуллаұлы, Тазабеков Мырзағали Нұрмұхамбетұлы, Керейбаев Кенжехан Рамазанұлы сияқты ұстаздарымыз бар. Мектептің шаруашылығын басқаратын Беглов Біләл де мектеп мақтанышы.
Мектеп әкімшілігі
Құмарбеков Еркін Құмарбекұлы
1972 жылы туған.
Білімі жоғары, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша 2004 жылы бітірген. 2004 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2007 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылы қаңтардан Ғали Орманов атындағы орта мектебінің директоры.
Муртазина Мадина Рахматтулаевна
1960 жылы туған.
Білімі жоғары, Талдықорған Педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша 1986 жылы бітірген. 1991 жылдан бастап Ғали Орманов атындағы орта мектепте орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып істеген. 2006 жылдан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы (1995), аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы (2004).
Барашева Алма Жанғалиқызы
1962 жылы туған.
Білімі жоғары, Ресейде Тамбов мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетің орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша 1984 жылы бітірген. 1997 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2007 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі , 2009 жылдан оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары. Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы (1995), облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы (2008).
Рыскулова Хасиет Хусайынқызы
1960 жылы туған.
Білімі жоғары, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының биология-география факультетін география мамандығы бойынша 1985 жылы бітірген. 1996 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. ҚР Білім министірлігінің Құрмет грамотасы (1997), облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының грамотасы (2003), аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы (2008).
Жақсыбекова Гүлзада Балтабайқызы
1969 жылы туған.
Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1992 жылы бітірген. Ғали Орманов атындағы орта мектебінде орыс тілі әдебиет пәнінің мұғалімі, 2008 жылдан мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы. аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы (2007), аудан әкімінің Құрмет грамотасы (2010).
Исаев Сәкен Қасаболатұлы
1961 жылы туған.
Білімі арнайы орта, Талдықорған құрылыс техникумын 1985 жылы бітірген. 2006 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебінде бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Қазір Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің БӘД бөлімінде сырттай оқиды.Әскери шені- капитан. Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы (2007, 2008), аудандық «Отан» қоғамы грамотасы (2009), облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментінің грамотасы (2007), аудандық мәдениет үйінің дипломы (2010).
Аубакирова Тұрсынай Ашымханқызы
1959 жылы туған.
Білімі жоғары.1979 жылы Алматы политехникалық техникумын , 1993 жылы,Алматы еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру Академиясын бухгалтер-аудит мамандығы бойынша бітірген . 1979 жылы Қапал аудандық қаржы бөлімінде бухгалтер, 1983-1993 жылдан Қапал ауданының көп салалы коммуникалды шаруашылығы мекемесінің бас бухгалтері. 1993 жылдың ақпаннан Қапал аудандық қаржы бөлімінің бас маманы. 1998 бастап Ғали Орманов атындағы орта мектептің бас бухгалтері.
Ескендір Сайрагүл Бағзатқызы
1959 жылы туған.
Білімі жоғары, 1982 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын кітапханатану және библиография мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдаң бастап Ғали Орманов атындағы мектептің кітапхана менгерушісі. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының Алғыс хаты (2001), облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы (2006, 2008).
Ешмухамбетова Гүлшат Нұрболатқызы
1973 жылы туған.
Білімі жоғары, Ілияс Жансігүров атындағы Талдықорған педагогикалық университетін педагогика және психология мамандығы бойынша 1997 жылы бітірген. 2003 жылдан бастап Ғали Орманов атындағы мектепте педагог-психолог.
Салманова Шынар Абуталипқызы
1971 жылы туған.
Білімі жоғары, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік гуманитарлық университетін педагогика және психология мамандығы бойынша 2008 жылы бітірген. 2009 жылдан бастап Ғали Орманов атындағы мектепте педагог-психолог.