Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің тарихы
1981 жылы Ғали Орманов атындағы орта мектеп 1176 балаға арналып салынған жаңа мектепке көшірілді. Оған ақын Ғали Ормановтың есімі бұған дейін 1979 жылы берілген болатын. Ғали Орманов(1907-1978) кеңестік қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын.Тұңғыш өлендер жинағы 1934 жылы «Шеңбер» деген атпен жарық көрді.Кейін «Алынған қамал» (1935), «Абысын сыры» (1936), «Халық -қаһарманы» (1941), «Емен» (1945), «Сәт сапар» (1957), «Ой қанаты» (1961), «От өзен» (1965), «Жер қызығы» (1972), «Жан қанаты» (1973) тағы басқа кітаптары шықты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Бұрынғы мектеп үйінде 8 жылдық орталау мектеп қалды. Ол кейін 1989 жылы 10 жылдық орта мектеп болып қайта құрылды және 1997 жылы белгілі актер Есболған Жайсаңбаевтың есімі берілді. Сөйтіп 1981 жылы Қапал ауылында екі мектеп ашылды. Ғали Орманов атындағы орта мектебінің кейінгі тарихы осы 1981 жылдан басталады. Мектептің алғашқы директорлары Саурықбаев Ғазиз Қыдырқожаұлы, Кәрім Акбарұлы Рақымжанов болды. 1989-1990 оқу жылы мектеп 11 жылдық орта мектеп мәртебесіне ие болды. Өткен 30 жылдық тарихында мектеп білім берумен тәрбиені қалыптастыруда тамаша жетістіктерге жетті. 1980 жылдардың соңында Ғали Орманов атындағы орта мектебінде Қапал өңірінде алғаш рет компьютерлік кабинет ашылып, сабақ жүргізе бастады. 1991 жылы Әскербек Жабықбайұлы Мәлтекбасов мектеп директоры болғаннаң кейін облыста алғаш рет деңгейлік оқытудың эксперименттік жұмысы жүргізілді және Эльконун-Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы сынақтан өткізілді. Мектептің өзінің жарғысы қабылданды. Шаруашылық, қаржылық істерді дербес жүргізетін құқыққа ие болды. Бұл сынақ-тәжірибенің тиімділігі сол мектептін материалдық базасы нығайды. Оқытудың әдістемелігі жетілдірілді, ғылыми негізі жақсарды. Мектептін көптеген оқушылары облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасайтын мұғалімдердін қатары өсті. Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауларына қатысушылардың саны көбейді. Сол жылдардағы мектептін осы жетістіктері үшін мектеп директоры Ә.Ж. Мәлтекбасов Ыбырай Алтынсарин медальмен 1992 жылы марапатталды. 2001-2002 оқу жылында Қапал орта мектебінің түлегі, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүрілді. 2003 жылы қыркүйекте мектеп директорлығына Асхат Сейденұлы Досмухамбетов тағайындалып, күні бүгінге дейін осы қызметті атқаруда. А.С.Досмухамбетов мектеп басшылығына келген күннен бастап, ең әуелі мектептің материалдық базасын бұрынғыдан да жақсартуға ерекше мән берді. Соның нәтижесінде аудан әкімшілігінің қолдауымен мектептің шатыры жаңадан жабылып, жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде пән кәбинеттерінің орны ерекше. Мектебімізде бүгінгі күннің дидактикалық талабына сай жабдықталған АӘД, биология, математика, тарих-құқық, қазақ тілі және әдебиет, бастауыш сынып, технология кабинеттері бар. 2007 жылы мектебімізде мультимедиялық кабинеті ашылып, жұмыс жүргізуде. Мектеп кітапханасында 20 мың кітап қоры бар. Мектебімізде 2007 жылдан бастап мектепке дейінгі 25 балаға арналған шағын орталық ашылып, бүгінгі күнге дейін нәтижелі тәрбие беруде.. Қазір мектеп ұжымында 47 мұғалім сабақ береді. Олардың 40 жоғары білімді, 6 жоғары санатты, 12 бірінші санаттағы мұғалімдер. Мұғалімдеріміздің арасында еңбегімен ел құрметіне бөленген аға ұстаздар Ахунов Рифхат Хабибуллаұлы, Тазабеков Мырзағали Нұрмұхамбетұлы, Керейбаев Кенжехан Рамазанұлы сияқты ұстаздарымыз бар. Мектептің шаруашылығын басқаратын Беглов Біләл де мектеп мақтанышы. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының материалдық базасының нығаюына демеушілердің қосқан үлесі ерекше маңызға ие. Ғали Орманов атындағы орта мектепке бірнеше жыл бойы ауылдық телекоммуникация бөлімінің бастығы Бармақов Сәбит Әбікенұлы демеушілік жасап келеді.
\s Алтын
Күміс белгі
Қызыл аттестат
Үздік куәлік
Мемлекеттік грат иегерлері
Конкурстар, байқаулар (мұғалімдер)
Конкурстар, байқаулар (оқушылар)
Әр жылдарда болған мектеп директорлары
Құсайынов Диханбай Құсайынұлы 1921 жылы туған 1940 жылы Қапал педагогикалық училщесін, 1953 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының математика факультетін математика мамандығы бойынша бітірген. 1941 жылы сәуір айында Кеңес армиясының қатарына шақырылды. 1945 жылы қазан айында лейтенант атағымен елге қайтады. Соғыстан кейін Бөрлітөбе, Қапал аудандарында көп жылдар бойы партиялық және педагогикалық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. КСРО және Қазақ КСР оқу ісінің үздігі. 1979-1981 жылдары аралығында Ғали Орманов атындағы орта мектебінің директоры болды.
Рақымжанов Кәрім Акбарұлы (1936-1985) 1963 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының математика факультетін матиматика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. 1966 жылы Арасан орта мектебінде директор болып тағайындалады. Сол кезден бастап коммунистік партия жолдамасымен бұрынғы Қапал ауданындағы көптеген мектептерде директорлық қызмет атқарған. 1982-1983 жылдары Қапал ауданының білім бөлімінің бастығы, 1984-1985 жылы партиялық комиссияның төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақ КСР - нің оқу ісінін үздігі, көптеген медальдармен, грамоталармен марапатталған. 1981-1982 жылдары, 1983-1984 жылдары Ғали Орманов атындағы орта мектебінде директоры болды.
Дамулин Исмагул Гереевич (1929-2010) 1948 жылы Қапал педагогикалық училищесін, 1957 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының география факультетін геогроф мамандығы бойынша бітірген. Көп жылдар бойы Қапал ауданында партиялық, педагогикалық қызметтерді абыроймен атқарып келді. Еңбектегі жетістіктері үшін Лениннің 100 жылдық медаль (1970), ерен еңбегі үшін медаль (1960), Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдық медалы (2005), Еңбек ардагері медаль (1984), Қазақ КСР ағарту министірлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақ КСР-інің оқу ісінің үздігі. 1982-1983, 1985-1986 жылдары Ғали Орманов атындағы орта мектебінің директоры болды.
Исмайлова Нұржамал Төлеуқызы 1954 жылы туған. 1971-1975 жылдары Украйнадағы Черкассы қаласындағы педагогика институтының филология факультетінде орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Аудандық кеңес, комсомол ұйымдарында әр түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Қазақ КСР оқу министрінің құрмет грамотасы (1980), Қазақ КСР оқу ісінің үздігі (1987), ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері (2008). 1986-1987 жылдары Ғали Орманов атындағы орта мектебінің директоры, 1987-1988 жылдары Қапал аудандық оқу бөлімінің бастығы болды.
Мәлтекбасов Әскербек Жабықбайұлы (1953-1994) 1974 жылы Абай атындағы Қазақ пединститутында физика-математика факультетін математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Көп жылдары бұрынғы Қапал ауданындағы бірнеше мектептерде басшылық қызметтерді атқарды. 1986-1987, 1988-1989 жылдары Қапал аудандық білім бөлімінің бастығы. Қазақ КСР оқу ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин медальнің иегері. 1991-1994 жылдары Ғали Орманов атындағы орта мектепте директор болды.
Әділбеков Төлеуғали Қылышбекұлы (1944- 2000) 1964-1967 жылдары Қарағанды дене шынықтыру (физкультура) техникумында физкультура мамандығы бойынша бітірген. 1971-1974 жылдары Қапал аудандық спорт мектебінің директоры, 1979-1985 жылдары Қапал аудандық партия ұйымында, аудандық әкімдікке жауапты қызметтерді атқарды. 1961 жылы бокстан Кеңес Одағының чемпионатының күміс жүлдегері, 1962 бокстан Кеңес Одағының чемпионы. Женіл атлетика және бокстан спорт мастері. Қазақ КСР оқу министірлігінің құрмет грамотасы (1970, 1976) Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі. 1993-1996 жылдары Ғали Орманов атындағы орта мектебінде және КТМ директорының орынбасары, 1996 жылы ақпаннаң өмірінің соңына дейін Ғали Орманов атындағы орта мектебінің директоры болды.
Қасаболатов Ермұхамет Жылкелдіұлы 1940 жылы туған. 1962 жылы Красногор ауыл шарушылық техникумын, 1971 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ - нің (бұрынғы С.М. Киров атындағы) тарих факультетін тарих мамандығы бойынша бітірген. Көп жылдар бойы Қапал ауданында партиялық, кеңес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған. 1995-1997 жылдары Қапал ауылдық округының әкімі. Қазақ КСР-нің оқу ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Еңбек ардагері медаль, ҚР Білім министірлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 1976-1982, 1993-1994 жылдары Қапал ауданынын білім бөлімінің бастығы, 2000-2003 жылдары жылдары Ғали Орманов атындағы орта мектебінің директоры болды. Ардагер ұстаздар, атақ дәрежесі бар (одақ кезіндегі атақ дәрежелері, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі өздерінің оқушыларының көрсеткіштері)
Бүкіл ғұмырын ұстаздық еңбектің ыстық-суығымен өткізіп, бүгінде осы еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымызды мақтанышпен атап өткен жөн. Олар Қазақ КСР-і және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздіктері Асылбекова Шолпан, Измайлов Рашид, Қасаболатов Ермухамед, Мыстемірова Шолпан, Тұрғанбаева Шарбану, Ишмухамедова Галина, Утешева Гүлнафис, Қасенова Бану, Туғанбаева Нұрсара, Саламатова Мәйкебала, Черкасова Раиса және аға ұстаздар Жұматаева Бақыт, Рысбаева Латифа, Қызайбекова Төленді, Мырзекенова Күмісжан.
Мырзекенов Мәлік Байдуақасұлы 1949 жылы туған Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін қазақ тілі, әдебиеті мамандығы бойынша 1972 жылы бітірген. Облыстық білім бөлімінің құрмет грамотасы (1995), ҚР Білім беру ісінің үздігі (1997), аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2007, 2009). Шәкірті Сейдақметова Балжан 2003 жылы қазақ тілі, әдебиеті мамандығы бойынша мемлекеттік грант иегері атанып, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2007 жылы бітірді.
Ракишева Рысжан Жетпісбайқызы 1952 жылы туған Білімі жоғары, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтың математика мамандығы бойынша 1973 жылы бітірген. Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы (1991), ҚР Білім министірлігінің құрмет грамотасы (1995), ҚР Білім беру ісінің үздігі (1997), аудандық білім беру және спорт бөлімінің құрмет грамотасы (2005).
Рахимжанова Сауле Нысанғожақызы 1955 жылы туған. Білімі жоғары, Алматы шет тілдер институтың ағылшын тілі мамандығы бойынша 1975 жылы бітірген. ҚР Білім министірлігінің құрмет грамотасы (1992), ҚР Білім беру ісінің үздігі (1997). Шәкірті Қабылқақ Айнагүл 2006 жылы «Алтын белгі» иегері атанып, төртінші тандау пәні ағылшын тілі бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның халықаралық қатынастар факультетінің студенті. 2008 жылы шәкірті Семізбаева Айгүл ағылшын тілі мамандығы бойынша мемлекеттік грант иегері атанып, қазір Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің 2 курс студенті.
Ыбырайханұлы Депухан 1954 жылы туған. Білімі жоғары, Монголия мемлекеттік педагогикалық институтың тарих мамандығы бойынша 1978 жылы бітірген. Монголия Білім министірлігінің құрмет грамотасы (1991), Монголия Жастар Одағының алтын медаль (1988), Монголия Халық революциясының 70 жылдық медаль (1991). Монголия пионер вожатыйларының республикалық тұңғыш слетінің делегаты (1980), Монғолия «Білім» қоғамының 4 съезінің делегаты (1982), Монгол Халық Революциялық Партиясының төтенше съезінің делегаты (1990). Ақсу аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2002), облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы (2004), облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының алғыс хаты (2006), ҚР Білім министірлігнің құрмет грамотасы (2007). «Дарын» ғылыми жобасы бойынша жетекшілік жасаған оқушысы Семізбаева Айгүл облыстық 3 орын (2007).
Отыншинова Жанар Смағұлқызы 1961 жылы туған. Білімі жоғары, Талдықорған педагогикалық институтын математика мамандығы бойынша 1982 жылы бітірген. Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2007), облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы (2009), аудандық кәсіп одақ ұйымының құрмет грамотасы (2010). Кіші ғылым академиясы бойынша жетекшілік жасаған оқушысы Қашағанова Сымбат облыстық 3 орын (2008).
Жақыпбеков Айдын Оразалыұлы 1970 жылы туған. Білімі жоғары, Абай атындағы қазақ педагогикалық университетін қазақ тілі, әдебиеті мамандығы бойынша 1999 жылы бітірген. Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2002, 2004, 2007), облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы (2005). Айтыс өнері бойынша дайындаған оқушысы Сақаба Ерлан соңғы 4 жылда аудандық айтыстың жеңімпазы, облыстық, республикалық айтыстың жүлдегері.
Қасымова Алима Саятқызы 1982 жылы туған. Білімі жөғары, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша 2004 жылы бітірген. Ақсу аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2008), аудандық кәсіп одақ ұйымының құрмет грамотасы (2010), облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының грамотасы (2008). Кіші ғылым академиясы бойынша жетекшілік жасаған оқушысы Мүтәліпқызы Ұлтай республикалық 1орын (2009).
Аталған мектепті бітірген, атақ даңқы бар әйгілі азаматтар.
Мектебіміздің алтын ұясынан ұшып шыққан мыңдаған шәкірттеріміз ұстаздарының берген білімін ақтап, оқу бітіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етуде. Олардың арасындағы ғылым жолын қуып Қазақстан ғылымын дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген шәкірттеріміз де жетерлік. Мәселен, Құмарғалиева Салтанат Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент.
Оңалтаев Дархан Абай атындағы Алматы Педагогикалық Университетінің оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Дамулина Дильяра Медицина ғылымдарының кандидаты Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Қабдырахманова Сана,
Иманғалиев Ернар «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1995-1996 жылдары АҚШ-та білім алған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық Университеттің оқытушысы, математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Бекбосынов Асхат Жүнісұлы Медицина ғылымдарының кандидаты, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.
Тұрғанбаева Әлия С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлтық Медицина университетінің аға оқытушысы.
Қасаболатов Қадыр Дипломат, Қазақстанның Белоруссиядағы өкілетті елшісінің кеңесшісі. Алыбаева Әсел Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы.
Қасаболатова Ғалия Тараз пединститутының оқытушысы.
Фая және Айнұр Қабдырахмановалар Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушылары ағайынды.
Ноғайбаланова Салтанат Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі жанындағы білім сапасын зерттеудін ұлттық орталығының халықаралық білімді зерттеу лабораториясының менгерушісі.
Мектеп ұжымы
Солдан онға қарай: 1 қатар. М.Б.Мырзекенов, К.Б.Сихымбаева, М.Н.Тазабеков, Х.Х.Рыскулова, Р.Ж.Ракышева,А.С.Досмухамбетов, С.Н.Рахымжанова, Д.Ыбырайханұлы, М.Р.Муртазина,Т.Ә.Аубакирова, А.Ж.Барашева, Е.Қ.Құмарбеков, 2 қатар. Ғ.К.Байсеитова, М.Солонинова, Л.В.Елисеева, Р.Б.Акашева, Г.Б.Жақсыбекова, Б.Ж.Бекбосынова, Г.Н.Ешмухамбетова, Г.Е.Асылбекова, А.Д.Жақанбаева, Ә.Шұғайқызы, Ш.Ш.Елтаева, А.Қазақбекова, Б.К.Балықбаева, С.Ескендір, Р.Х.Ахунов, М.К.Абылғайсанов, Д.Хавылкак, С.Кеңесбек, 3 қатар. Р.Иманасова, Қ.Ж.Болатова, К.Бимолдина, А.С.Стамбекова, К.Р.Керейбаев, Н.К.Туткышева, Л.В.Маклакова, А.К.Майкөлемова, А.С.Қасымова, Ұ.Сайлыбаева, А.Каримхан, Р.А.Уалиолданова, К.Сыдыкова, А.Қандырбаева, А.О.Рысбаева, Р.Сапи, К.Мусаева, Д.Ибраимова, Р.А.Матрузиева 4 қатар. Б.Битимова, Д.Алпысбайұлы, А.К.Уржанов, М.Қинаят, А.М.Матрузиев, А.А.Досмухамбетов, С.К.Исаев, Б.Беглов, М.Сергазин, А.С.Дүйсебаев, С.Есімбеков, К.В.Самородов, Р.Толымбекова, Ж.С.Отыншинова.
Мектеп әкімшілігі
Досмухамбетов Асхат Сейденұлы 1964 жылы туған Білімі жөғары, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1985 жылы бітірген. 2003 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектептің директоры. ҚР білім және ғылым министірлігінің алғыс хаты (2006)
Аубакирова Тұрсынхан Ашымханқызы 1959 жылы туған. Білімі жөғары, Алматы политехникалық техникумын бухгалтер мамандығы, 1993 жылы Алматы еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру Академиясын бухгалтер-аудит мамандығы бойынша 1979 жылы бітірген. 1979 жылы Қапал аудандық бас бухгалтері, 1983-1993 жылдан Қапал ауданының көп салалы коммуникалды шаруашылығы мекемесінің бас бухгалтері. 1993 жылдын 7 ақпаннан Қапал аудандық қаржы бөлімінің бас маманы. 1998 бастап Ғали Орманов атындағы орта мектептін бас бухгалтері.
Муртазина Мадина Рахматтулаевна 1960 жылы туған. Білімі жоғары, Талдықорған Педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша 1986 жылы бітірген. 1991 жылдан бастап Ғали Орманов атындағы орта мектепте орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып істеген. 2006 жылдан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы (1995), аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2004).
Барашева Алма Жанғалиқызы 1962 жылы туған. Білімі жоғары, Ресейде Тамбов мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетің орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша 1984 жылы бітірген. 1997 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, 2007 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдан мектеп директорының оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары. Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы (1995), облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасы (2008).
Рыскулова Хасиет Хусайынқызы 1960 жылы туған. Білімі жөғары, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының биология-география факультетін география мамандығы бойынша 1985 жылы бітірген. 1996 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. ҚР Білім министірлігінің құрмет грамотасы (1997), облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының грамотасы (2003), аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2008).
Құмарбеков Еркін Құмарбекұлы 1972 жылы туған. Білімі жөғары, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша 2004 жылы бітірген. 2004 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2007 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Тазабеков Мырзағали Нұрмұхамбетұлы 1947 жылы туған. Білімі жоғары, Қазақ политехникалық институтын архитектура мамандығы бойынша 1975 жылы бітірген. 1997 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебінде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі. 2009 жылы қыркүйектен педагог-ұйымдастырушы. Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2005, 2006).
Жақсыбекова Гүлзада Балтабайқызы 1969 жылы туған. Білімі жөғары, Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1992 жылы бітірген. Ғали Орманов атындағы орта мектебінде орыс тілі әдебиет пәнінің мұғалімі, 2008 жылдан мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы. аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2007), аудан әкімінің құрмет грамотасы (2010).
Исаев Сәкен Қасаболатұлы 1961 жылы туған. Білімі арнайы орта, Талдықорған құрылыс техникумын 1985 жылы бітірген. 2006 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебінде бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Қазір Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің БӘД бөлімінде сырттай оқиды.Әскери шені- капитан. Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (2007, 2008), аудандық «Отан» қоғамы грамотасы (2009), облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментінің грамотасы (2007), аудандық мәдениет үйінің дипломы (2010).
Беглов Беляль 1947 жылы туған. Білімі орта. 1997 жылы желтоқсан айынан Ғали Орманов атындағы орта мектепте директорының шаруашылық істері жөніндегі орынбасары. Аудандық қәсіподақ ұйымының алғыс хаты (2010).
Ескендір Сайрагүл Бағзатқызы 1959 жылы туған. Білімі жөғары, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық иниститутының кітапханатану және библиография мамандығын бойынша 1981 жылы бітірген. 2001 жылдаң бастап Ғали Орманов атындағы мектептің кітапхана менгерушісі. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының алғыс хаты (2001), облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы (2006, 2008).
Ешмухамбетова Гүлшат Нұрболатқызы 1973 жылы туған. Білімі жөғары, Ілияс Жансігүров атындағы Талдықорған педагогикалық университетін педагогика және психология мамандығы бойынша 1997 жылы бітірген. 2003 жылдан бастап Ғали Орманов атындағы мектепте педагог-психолог.
Салманова Шынар Абуталипқызы 1971 жылы туған. Білімі жөғары, Мұхтар Әуезов атындағы Онтүстік Қазақстан мемлекеттік гуманитарлық университетін педагогика және психология мамандығы бойынша 2008 жылы бітірген. 2009 жылдан бастап Ғали Орманов атындағы мектепте педагог-психолог.
Мектепте бір кездерде жұмыс істеп жоғарғы қызметке ауысқан азаматтар
Бегалин Талап Ақылұлы 1963 жылы туған. Білімі жөғары, Ілияс Жансүгіров атындағы педагогикалық институтын физика мамандығы бойынша 1984 жылы бітірген. 1988-1991, 1993-1994 жылдары комсомол жұмыстарында жауапты қызметтерді атқарды. 1998-2003 жылдары Қапал ауылы Ғали Орманов орта мектепте физика пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. 2007 жылы 10 қыркүйектен бастап Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің директоры. ҚР Білім және ғылым министірлігінің құрмет грамотасы (1997), облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы (1998), аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы (1998, 2007), облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының құрмет грамотасы (2007).
Есботанова Ләззат Өзбекқызы 1962 жылы туған. Білімі жөғары, Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының филология факультетін қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1983 жылы бітірген. 1987-1997 жылдары Ғали Орманов атындағы орта мектепте қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі болған. Қазір Талдықорған қаласындағы №2 орта мектептің директоры. Аудандық әкімшіліктін және білім бөлімінің құрмет грамоталары, мақтау қағазы (1993, 1996, 2006), облыстық білім депортаментінің Құрмет грамотасы (1993, 2006).
қосымша 1
Әр жылдары қызмет жасаған мектеп директорлары
Мектеп тарихын құрастырып жазған тарих пәнінің мұғалімі Депухан Ыбырайхан ұлы
Комисия төрағасы: 1 Досмухамбетов А.С. Мүшелері: 2 Барашева А.Ж. 3 Жаксыбекова Г.Б. 4 Ракишева Р.Ж. 5 Рахымжанова С.Н.
Мектеп жалры жиналысында қаралды (күні, айы, жылы) |
|
|
Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің тарихы Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов 2003 жылы қыркүйектен 2010 жылдың қыркүйегіне дейін мектеп директоры Асхат Сейденұлы Досмұхамбетов болды. А.С.Досмухамбетов мектеп басшылығына келген күннен бастап, ең әуелі мектептің материалдық базасын бұрынғыдан да жақсартуға ерекше мән берді. Соның нәтижесінде аудан әкімшілігінің қолдауымен мектептің шатыры жаңадан жабылып, жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектебімізде 2007 жылдан бастап мектепке дейінгі 25 балаға арналған шағын орталық ашылып, бүгінгі күнге дейін нәтижелі тәрбие беруде.. Білімі жоғары, Ресейде Тамбов мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетің орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша 1984 жылы бітірген. 1997 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2007 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі , 2009 жылдан оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары. Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы (1995), облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы (2008). Аубакирова Тұрсынай Ашымханқызы |
© g-ormanov |